Главная » 2015 » Март » 18 » “География сабақтарындағы инфрақұрылым-оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде” тақырыбындағы облыстық семинар
21:27
“География сабақтарындағы инфрақұрылым-оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде” тақырыбындағы облыстық семинар

        Бүгін “География сабақтарындағы инфрақұрылым-оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде” тақырыбында облыстық семинар болды. Семинардың алғы сөзін “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық  қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары,ҚР білім беру үздігі: Ташмуханова Орал Матжанова ашып, “Инновациялық технологиялар және жаратылыстану ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі Балапанова Жаңыл Темировна қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың басын “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты аға оқытушысы Хасанова Жадыра Қайратовна “Кане күлейік” жаттығуымен бастады .“Жаңаша білім беру жағдайындағы географияны оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері” тақырыбындағы панорамалық сабақ бөлімінде  Мектебімізді дамыту жоспарына сәйкес өтіліп жатқан LS –әс әрекеттегі зерттеу үдерісіне қатысқындығы сабағымды  алып бардым.

Бұндағы оқыту мақсатымыз“Балалар философиясы”құралы арқылы диалогтік өқыту әдісін жетілдіру  .“Оңтүстік Америка материгін қайталау” тақырыбында панорамалық сабақ өткіздім. Сабағым өзім ойлағандай мақсатына жетті. “Балалар философиясы”құралы оқушыларды сұрақ қоюға ,үздік сұрақтарға жауап беру арқылы материалды жан-жақты меңгеруге  көмектеседі. Семинар соңында  қатысушы мұғалімдерді “География сабақтарындағы инфрақұрылым-оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде” тақырыбындағы облыстық семинар жұмысына  өз дәрежесінде жақсы қатысқан мұғалімдерге  семинарға қатысқандығын  растайтын  СЕРТИФИКАТПЕН  марапаттады.

 

 

Просмотров: 580 | Добавил: Шынаргул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar